Алматыда 1991 жылғы су жаңа көлік 45 млн-ға сатуға қойылды

Алматыда 1991 жылғы су жаңа көлік 45 млн-ға сатуға қойылды

ашық дереккөзі

Еліміздегі көлік сатуға арналған kolesa.kz сайтында ВАЗ 2109 көлігі 45 миллионға сатуға қойылған, деп хабарлайды Taulik.kz. Massaget.kz жазуынша, көліктің су жаңа екені хабарланған.

"Көлікке қызығушылық танытқан адамдар – ВАЗ 2109, 1991 жылғы көлігі сатылады. Су жаңа көлік. Коллекциенерлерге арналған. Бағасы 100 000 (жүз мың) доллар. Бос сұрақтармен қоңырау шалып мені де өзіңіздің де уақытыңызды алмаңыз", - делінген хабарламада.
Аталмыш сайтта мұндай көліктердің бағасы 588 235 теңге екені, бұл көлік осыған ұқсас көліктерден 44 411 765 теңгеге (7550%) қымбат екені жазылған. Көліктің түсі ақ, 103 шақырым ғана жүрілген.  

Loading...