logo
search
menu

Алматыда тегін дөнер таратудың соңы төбелеске айналды

Алматыда тегін дөнер таратудың соңы төбелеске айналды
17 сәуір, 2023
Алматыда тегін дөнер таратудың соңы төбелеске айналды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Желіде Алматыдағы жаңа фаст-фуд мейрамханасының ашылуынан түсірілген кадрлар тарап жатыр. Бұл туралы Taulik.kz хабарлайды.
    Ulysmedia.kz жазуынша, жазба авторы кәсіпкерлік нысанның ашылуына орай халыққа дөнерлерді тегін таратқанын айтады.
    Содан соң дәмхананың кіреберісіне бірнеше ондаған адам жиналып, таластың соңы төбелеске айналған. Кейбіреулер бұл жерге балаларымен келген.
    "Оңтүстік Кореядағы оқиғалар бізге ештеңе үйретпеген сияқты. Осындай акцияларды ұйымдастырғаны үшін кәсіпкерлік мекемелеріне қашан айыппұл сала бастайды? Біз біреудің өлімге ұшырауын күтеміз бе?"- делінген видеоның сипаттамасында.
    Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы