Мәзір
17 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Жаңаөзенде болған жарылыстың себебі анықталды – прокуратура

Жаңаөзенде болған жарылыстың себебі анықталды – прокуратура

Жаңаөзенде болған жарылыстың себебі анықталды – прокуратура Жаңаөзенде болған жарылыстың себебі анықталды – прокуратура
ашық дереккөзі
Жаңаөзенде екі қабатты тұрғынүйде болған жарылыстың себебі анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz. Azattyq-ruhy.kz жазуынша, облыстық прокуратура хабарлағандай, көппәтерлі үйдегі жарылысқа газдың жылыстап ағуы себеп болған.
«17 сәуір 2023 жылы сағат 04:05 шамасында Жаңаөзен қаласы, Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан 2-қабатты үйде газдың ағуы салдарынан жарылыс болды. Осы факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша ТЖД-мен ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қазір аталған іс бойынша облыс прокуратурасымен процестік прокурорлар тобы айқындалып, облыстық ТЖД және ПД басшыларының бірлескен бұйрығы негізінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Еске салайық, бүгін таңғы сағат 04:05-те Жаңаөзен қаласында 12-пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісінде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы төгіліп, 150 шаршы метр аумаққа зиян келді. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты.  Аталған дерекке қатысты жедел штаб құрылды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер берілетіні хабарланды. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев үйінді астында қалған барлық зардап шеккендер сыртқа шығарылғанын және аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Апта талқысында: