logo
search
menu

Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі

Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі
17 сәуір, 2023
Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды taulik.kz «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    «Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 cәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
    «Қазтелерадио» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы