Қазақстанға ресейлік мигранттардың тағы бір легі келуі мүмкін бе?
«Мен ол елдің азаматтарының ойында не бар екенін білмеймін. Біз оған болжам да жасай алмаймыз. Сіздер ресейліктердің алғашқы легі келген кездегі жағдайды білесіздер. Келсе, күтіп аламыз», - деп жауап берді Айбек Смадияров журналистердің сауалына.Айта кетейік, былтыр 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялады. Осыған орай ресейліктер шекаралас мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да жаппай ағыла бастады.