Жаңаөзендегі апаттан жарақат алған жүкті әйел сәбиінен айырылды
«Иә, плацента жатырдан бөлініп, ота жасалды. Ол жүктіліктің 17-18-аптасында екен. Қазір кеуде омыртқасына ота жасалып жатыр», - деді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының директоры Серік Асқаров.Оқиға салдарынан 13 адам орталық ауруханаға жеткізілген. Оның жетеуі - балалар, олар жарақатының жеңілдігіне байланысты үйлеріне қайтарылған. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар травматологиялық бөлімге түскен орташа жағдайда күйік алған 2 кішкентай қыз ем алып жатыр. Ал реанимация бөліміне түскен ер адамға ота жасалған.