Мәзір
18 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қорғаныс министрі Қазақстан әскерлерінің көтерілуіне рұқсат берді

Қорғаныс министрі Қазақстан әскерлерінің көтерілуіне рұқсат берді

Қорғаныс министрі Қазақстан әскерлерінің көтерілуіне рұқсат берді Қорғаныс министрі Қазақстан әскерлерінің көтерілуіне рұқсат берді
ашық дереккөзі
Қазақстан қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдері "Айбалта – 2019" ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу аясында оқу дабылы бойынша көтерілді, деп хабарлайды taulik.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру, әскерлердің далалық машығын арттыру және әскерлердің басқаруда штабтар мен командирлердің тұрақты практикалық дағдыларын шыңдау.  Оқу-жаттығудың маневріне шамамен 8000 әскери қызметші және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника, майдандық және армиялық авиация тартылды.
"Оқу-жаттығуға Құрлық әскрелері, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы операциялар күштері, әскерлер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелері тартылды", - деп жазылған қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
Әскерлердің теміржол көлігімен қозғалуы үш бағыт бойынша жүзеге асырылды. Оған 20-дан аса әскери эшелон тартылды. 8 лек құрамында автомобильді көлікпен 400-ден аса бірлік әскери техника марш жасады. Қозғалыстың ұзындығы 300-ден бастап 1000 шақырымнан асады. "Айбалта – 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Алматы облысының "Көктал" оқу-жаттығу полигонында өткізіліп жатыр, осы жылдың 3 мамырына дейін жалғасады.

Апта талқысында: