logo
search
menu

Қызылорда облысында білім бөлімінің басшысы 543 млн теңге жымқырған – Антикор

Қызылорда облысында білім бөлімінің басшысы 543 млн теңге жымқырған – Антикор
18 сәуір, 2023
Қызылорда облысында білім бөлімінің басшысы 543 млн теңге жымқырған – Антикор
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Антикор Қызылорда білім беру саласында миллиондаған жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz. Azattyq-ruhy.kz жазуынша, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
    «Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері саналмайтын тұлғалардың есепшоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.
    Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
    «Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы