Мәзір
18 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

29 жастағы әйел қонақүйде ер адамды қылқындырып өлтірген

29 жастағы әйел қонақүйде ер адамды қылқындырып өлтірген

29 жастағы әйел қонақүйде ер адамды қылқындырып өлтірген 29 жастағы әйел қонақүйде ер адамды қылқындырып өлтірген
ашық дереккөзі
Оралда қонақүйдегі ер адамның өліміне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Taulik.kz. "Уральская неделя" мәліметінше, күдікті - 29 жастағы әйел. Ол өзі полицияға хабарласып, марқұмды қылқындырып өлтіргенін айтқан. Оқиға 2020 жылы 16 қарашада болған. Жергілікті полиция бөліміне қаладағы қонақүйлердің бірінен хабар түскен. Полицейлер оқиға орнына келіп 35 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Оралдағы Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта судья Шары Зайнуллинаның төрағалығымен жергілікті қонақүйде кісі өлтіру дерегі бойынша алдын ала тыңдаулар өткен. БҚО прокурорының аға көмекшісі Асқар Мерекенің айыптау актісіне сәйкес, 16 қарашада сотталушы өзінің құрбысымен бірге жергілікті саунада болғаны анықталды. Олар саунада ер адамдарға ақылы интим қызмет көрсеткен. Марқұм інісімен бірге саунаға келген. Тергеу барысында ер адам күдікті мен оның құрбысынан интим қызмет сатып алып, бірге ішімдік ішкенін анықтады. Таңға қарай күдікті әйел ішімдік сатып алып қонақүйге кеткен. Ол бір тәулікке бөлмені жалға алған. Артынша марқұм ер адам да келген. Екеуі бірге ішімдік ішкеннен соң марқұм ер адам күдіктіні интимге итермелей бастаған. Айыпталушы берген түсінікке сәйкес, ол ер адамды осы әрекеті үшін жазаламақ болған. Күдікті жуынатын бөлмеден шығып, жарықтың бауын алып, ер адамның мойнынан екі рет орап, қылқындырып өлтірген. Айыпталушы прокурордың айтқанымен келіспей жезөкшелікпен айналыспағанын айтады. Айыпталушы әйел бұған дейін Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша үш жылға сотталған.  

Апта талқысында: