Қазақстанның ХҚКО жылжымайтын мүлік бойынша қызмет көрсетпейді

Қазақстанның ХҚКО жылжымайтын мүлік бойынша қызмет көрсетпейді

ашық дереккөзі

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) екі апта бойы жылжымайтын мүлік бойынша қызмет көрсетпейді, деп хабарлайды Taulik.kz.

"2023 жылғы 26 сәуірден 9 мамырға дейін еліміздің ХҚКО жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін міндетті тіркеуге және техникалық тексеруге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ 2 мамырдан 9 мамырға дейін eGov.kz порталы арқылы нотариат, салық, екінші деңгейдегі банктер жүйесі және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдары жүйелері, жылжымайтын мүлікті тіркеу және техникалық тексеру үшін құжаттар онлайн режимінде қабылданады. Kaztag.kz мәліметінше, азаматтардың тұрғын үй бағдарламасына қатысты қызметтерді пайдалана алмайтыны көрсетілген. Оған себеп – бірыңғай мемлекеттік кадастрға көшу.

Loading...