Бас әскери прокуратура суицид көбінесе әскерде болады деген пікір шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді, деп жазады Taulik.kz. Ulysmedia.kz жазуынша, Қазақстандағы суицид көбінесе әскерде болады деген пікір ресми мәліметтермен расталмайды.Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, әділет подполковнигі Мақсат Қазиев айтты.
"Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2018-2022 жылдары Қазақстанда 17 631 суицид және 21 332 оған оқталу жағдайы тіркелген, яғни 10 мың азаматқа 9 суицид және 11 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу келеді. Олардың 86 суициді және 20 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу дерегі әскерде болған, яғни 10 әскери қызметшіге 6 суицид және 1 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу келеді", - деді ол.Мақсат Қазиевтің пікірінше, бұл деректер суицид көбінесе әскерде болады деген түсінікті жоққа шығарады.