Депутаттыққа экс-кандидаттар сотқа арызданды, деп хабарлайды Taulik.kz. Ulysmedia.kz жазуынша, бір мандатты округтер бойынша бұрынғы кандидаттар сайлаудың өрескел бұзушылықтармен өткеніне сенімді. Олар дауыс беру хаттамаларының көшірмелерін беруді талап етті. Адвокат Мұрат Адам мен кәсіпкер Санжар Боқаев Алматының әкімшілік сотына талап арыз беріп, 19 наурызда өткен Мәжіліс сайлауының заңсыздығы туралы мәлімдеді. Олар өз құқықтарының қорғалуын талап етеді.
Loading...