logo
search
menu

Тоқаев Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Тоқаев Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
18 сәуір, 2023
Тоқаев Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап. Министр Президентке еліміздің отын-энергетика кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, жанар-жағармай нарығын үздіксіз қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобаларын одан әрі дамыту мәселесі туралы баяндады. Алмасадам Сәтқалиев: - ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету және жалпы газ саласын дамыту шаралары жөнінде мәлімет берді; - биыл Қазақстанда тауарлық газды үнемдеп тұтынуды ынталандыру үшін энергия тиімділігін арттыру жоспары әзірленетінін айтты; - генерация секторындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясының тапшылығын жою, электр энергетикасы саласын реттеу тәсілдерін жетілдіру және нарықты дамытудың жаңа моделін енгізу перспективалары туралы ақпарат берді. Президент еліміздің энергетика инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың, сондай-ақ мұнай-газ жобаларын уақытылы жүзеге асырудың маңызды екеніне назар аударды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы