logo
search
menu

Айдап әкеткен көлігімен жол апатына түскен жүргізуші сол жерде көз жұмды

Айдап әкеткен көлігімен жол апатына түскен жүргізуші сол жерде көз жұмды
19 сәуір, 2023
Айдап әкеткен көлігімен жол апатына түскен жүргізуші сол жерде көз жұмды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астанада айдап әкеткен көлігімен жол апатына ұшыраған жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды taulik.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
    «Астанада 18 сәуір күні Subaru автомашинасының жүргізушісі Тілендиев даңғылымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Howo жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», - деп жазды ведомство.
    Тексеру барысында Subaru автокөлігінің айдап әкетілгені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы