«Ер адам мектептің алдына келгенде мұғалімдер көріп қалған. Мектеп алдында қызбен әңгімелесіп тұрған. Тәрбие меңгерушісі ер адамға ескерту жасайды. Қызды шақырып алып сөйлескен. Оқушы басында «атаң бар ма деп жай сұрады» деп айтпаған. Кейін психологтарға бәрін айтып берген. Қыз 12 жаста, бұл жаста ондай өтірік айтады деп ойламаймыз. Айтуынша, ер адам оған екі рет тиіскен», - деді Шонжы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Sputnik Қазақстанға.72 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бап 4-бөлігі («Жас балаға қатысты жасалған зорлық») бойынша күдікті деп танылып, сот санкциясымен екі айға қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Ал аудандық білім бөлімі тергеу бітпейінше еш уәж айта алмаймыз дейді.
«72 жастағы зейнеткер 12 жасар қызды зорлаған»: ер адам қамауға алынды
«72 жастағы зейнеткер 12 жасар қызды зорлаған»: ер адам қамауға алынды
19 сәуір, 2023

Мазмұны
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында 12 жасар қызды 72-дегі ер адам зорлаған, деп хабарлайды taulik.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Полицияның айтуынша, ер адам мектепке барып, қызбен сөйлесіп тұрған. Мұны тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші байқап қалып, зейнеткерге ескерту жасаған.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы