logo
search
menu

11-сынып оқушысы мұғалімін сыныптан итеріп шығарып жіберді

11-сынып оқушысы мұғалімін сыныптан итеріп шығарып жіберді
19 сәуір, 2023
11-сынып оқушысы мұғалімін сыныптан итеріп шығарып жіберді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Әлеуметтік желіге жоғары сынып оқушысының «Сыныптан шық» дегені үшін есіктен мұғалімнің өзін итеріп шығарып жіберген видеосы тарады, деп хабарлайды taulik.kz. Халық үні сайтының жазуынша, бейнежазба авторы осындай әрекетке барған оқушыларды заң алдында жауапкершілікке тарту керектігін меңзеген.
    Мұғалімнің кластан шық деген сөзіне ашуланған 11-сынып оқушысы ұстаздың өзін итеріп шығарып жіберген. Бұны көрген басқа оқушылар қарқылдап күлген... Осындай оқушыларды заңға тартқан дұрыс деп ойлаймын, - делінген жазбада.
    Өзге желі қолданушылар да оқушыны міндетті түрде тауып, жауапкершілікке тарту керектігін айтып жатыр. Алайда бұл оқиғаның нақты қай жерде болғаны атап көрсетілмеген.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы