logo
search
menu

Алматылықтардан ертең үрейленбей, ғимараттардан шығу сұралды

Алматылықтардан ертең үрейленбей, ғимараттардан шығу сұралды
19 сәуір, 2023
Алматылықтардан ертең үрейленбей, ғимараттардан шығу сұралды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    20 сәуірде Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Сағат 11:00-де қала бойынша дабыл қосылады.
    «Сейсмикалық оқу-жаттығу басталмас бұрын, апаттық сөмкені дайындаңыз, қауіпсіз жерге шығу жолын анықтаңыз. Қауіпсіз жер, бұл – электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық аумақ. Сейсмикалық оқу-жаттығу кезінде «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылын естіген кезде, сабыр сақтап, ғимараттан шығыңыздар», – делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.
    Мамандар төтенше жағдайларға дайын болу адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі екенін атап өтті.
    «Баршаңызды сейсмикалық оқу-жаттығуға белсенді қатысуды сұраймыз!» – деді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы