logo
search
menu

Кубаның ұлттық арнасында Димашқа арналған бағдарлама шықты

Кубаның ұлттық арнасында Димашқа арналған бағдарлама шықты
19 сәуір, 2023
Кубаның ұлттық арнасында Димашқа арналған бағдарлама шықты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Кубаның Canal Clave телеарнасында толығымен Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама шықты, деп хабарлайды taulik.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. Sueno Bonito музыкалық бағдарламасының премьералық шығарылымында әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылды. Еске сала кетейік, бұл – Димаштың жанкүйерлерінің ерекше ықыласының арқасында Куба телеарнасында бірінші рет көрсетілуі емес. 2020 жылдың мамыр айында Димаш алғаш рет Adagio әнімен Кубаның Cubavisión ұлттық телеарнасының De la gran Escena («Ұлы сахна») бағдарламасында алғаш рет атап өтілген еді. Ал, араға бір жыл салып дәл сол бағдарламада Димаштың танымал Olimpico композициясы орындалды. 2023 жылдың 15 сәуірінде Димаш Куба теледидарында Sueno Bonito («Әдемі армандаңыз») музыкалық бағдарламасының шығарылымында қайта пайда болды. Бұл жолы қазақстандық талантты әнші Димаш Құдайбергенге 45 минуттық шығарылым арналды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы