logo
search
menu

Қытайда аурухана өртеніп, 21 адам қаза тапты

Қытайда аурухана өртеніп, 21 адам қаза тапты
19 сәуір, 2023
Қытайда аурухана өртеніп, 21 адам қаза тапты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бейжің ауруханасында өрт болып, қаза тапқандар саны 21-ге жетті, деп хабарлайды taulik.kz.

    Қытай орталық телеарнасы (CCTV) 18 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында Қытай астанасының батысындағы Бейжің Чанфэн ауруханасының стационарлық бөлімшесінен өрт шыққанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті 30 минут ішінде сөндіріп, 2 сағаттан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.

    71 науқас эвакуацияланған. Қазір 21 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы