logo
search
menu

Каспий теңізінде қолтырауын жүргені рас па?

Каспий теңізінде қолтырауын жүргені рас па?
19 сәуір, 2023
Каспий теңізінде қолтырауын жүргені рас па?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Әлеуметтік желілерде теңізде жүрген қолтырауынның видеосы тарап жатыр. Желі қолданушылары бұл видео Каспий жағалауында түсірілген деп болжаған, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов ақпарат жалған екеніне сендірді.

    "Видео Каспий теңізінде түсірілуі мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда өмір сүреді. Ол ауа райы жылы болатын Африка сияқты тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік етеді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият сараптағаннан кейін ақпарат жалған екеніне көз жеткіздік", - деді Ғаббас Досатов.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы