logo
search
menu
Алматыда такси жүргізушісі шетелдікті қонақүйге 45 мың теңгеге жеткізген
ашық дереккөзі

Алматыда такси жүргізушісі шетелдікті қонақүйге 45 мың теңгеге жеткізген

Алматыда такси жүргізушісі шетелдікті қонақүйге 45 мың теңгеге жеткізген
Көлік полицейлері шетелдік азаматты Алматы әуежайынан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz.
ІІМ мәліметінше, 18 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Lufthansa әуекомпаниясының “Франкфурт – Алматы” бағытындағы рейсімен келген 43 жастағы Германия азаматы шағымданған. Ол өзін әуежайдан қонақүйге қасақана жоғары бағамен, яғни 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған. Ulysmedia.kz жазуынша, көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының 45 жастағы тұрғынын, жеке такси жүргізушісін анықтады. Ер адам германиялық азаматқа қоғамдық орындарда тиісіп, арбап, оған такси қызметін ұсынып, Алматы қаласының халықаралық әуежайынан қаладағы Қонаев көшесінде орналасқан қонақүйге апарғаны үшін жоғары төлем алған.
“Такси жүргізушісі келтірген шығынды өтеді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген полиция хабарламасында.