Полицейлер Рудныйда синтетикалық есірткінің үлкен партиясын тәркіледі (ВИДЕО)

Полицейлер Рудныйда синтетикалық есірткінің үлкен партиясын тәркіледі (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Полицейлер Рудныйда синтетикалық есірткінің үлкен партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Taulik.kz ҚР ІІМ-не сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы азаматтан есірткі затының 12 түйіншегін табылған. Әрі қарай Рудный қаласының саябақ аймағында ұсталған адам жасаған ”жасырын орындар“ табылды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ас үй шкафынан есірткі заты салынған тағы 70 пакет табылып, тәркіленді. Табылған синтетиканың жалпы салмағы 30 г құраған. Қазір ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті УҰИ-на қамалды.

Loading...