logo
search
menu

Қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
19 сәуір, 2023
Қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады, – деп хабарлады Taulik.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.  Ырғыз ауданы ПБ-нің қызметкерлері қасқыр соққан азаматтың осы ауданның 37 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ұсталған адам қасқыр малына шапқанын, содан кейін қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен соғып алғанын түсіндірді. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы