25 жастағы танымал әнші үйінен өлі табылды
"ASTRO мүшесі – Мунбин кенеттен бізді тастап, аспандағы жұлдызға айналды. Бұл сүйікті ұлы мен ағасынан айырылған отбасылардың қайғысымен салыстыруға келмейді, бірақ барлық ASTRO мүшелері, Fantagio әртістері, компания басшылары мен қызметкерлері үлкен қайғы мен күйзеліске ұшырап, қайтыс болған адамды жоқтайды", - делінген хабарламада.
Әншінің қайтыс болу себебін бірден анықтау мүмкін болмады. Ол аутопсиядан кейін анықталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Полиция музыканттың өліміне қатысты тергеу жүргізуде.