logo
search
menu

Түркияда болған атыста Қазақстан азаматына да оқ тиді

Түркияда болған атыста Қазақстан азаматына да оқ тиді
20 сәуір, 2023
Түркияда болған атыста Қазақстан азаматына да оқ тиді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркиядағы атыс кезінде қазақстандық азамат жараланған. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір ол Ыстамбұлдағы ауруханалардың бірінде жатыр, деп хабарлайды taulik.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Оқиға кеше Чекмекёй провинциясында болған. Көпқабатты үйлердің бірінің жанында белгісіз екі адам оқ жаудырған. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 31 жастағы қазақстандық азамат оқыс оқиға кезінде сол жерде кездейсоқ болып, оқтың бірі оған тиген. Ведомство ер адамның консулдыққа хабарласып, жарақаты туралы айтқанын мәлімдеді. Қазақстандық дипломаттар оны Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жеткізді. Сонымен қатар қазақстандықтың Түркияда отбасымен бірге болғаны белгілі болды. Ол екі жасар қызын емдетуге әкелген.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы