Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
20 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтайтыны рас па?

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтайтыны рас па?

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтайтыны рас па?
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәжілісмендердің атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды taulik.kz. Жуырда Мәжілістегі Қазақстан халық партиясы фракциясының мүшелері атаулы әлеуметтік көмекті алып тастап, оның орнына ай сайын әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеп тұруды ұсынған болатын.
«Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайды. Бізде көмек алып отырған отбасылар бар. Олардың қатарында жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар да бар. Сондықтан оларға атаулы әлеуметтік көмекті беру керек. Алайда АӘК-тің механизмін жетілдіру бойынша депутаттармен бірге жұмыс істейміз», – деді Дүйсенова.