Астанада шахматтан алғаш рет өтіп жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матчта Меруерт Камалиденова әлемнің төрт дүркін чемпионы, қытайлық Хо Ифаньды ұтты, деп хабарлайды Taulik.kz. halyq-uni.kz жазуынша, Меруерт Камалиденованың өзі шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, классикалық шахматтан былтырғы жылғы Қазақстан чемпионы. Жасы – 17-де. Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ол әлемнің мықты шахматшыларының бірі саналатын Қытай өкілін аса қиналмай, сенімді түрде жеңді. Бұған дейін Қазақстан мен әлем құрамалары матчының алғашқы күндері ол қытайлық қарсыласынан жеңілген еді. Сол кезде Бибісара Асаубаева Хо Ифаньды екі рет жеңген болтын. Ал Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік шетелдік шахматшымен тең түскен. Әйелдер арасындағы командалық матчтың жалпы жүлде қоры – 50 мың доллар.
Loading...