"ӨКМ Операторы" ісі: сотталушылар Украина консулын сотқа шақыруды талап етті, деп хабарлайды Taulik.kz. Ulysmedia.kz хабарлауынша, Астанада экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланыстырылған атышуыл "ӨКМ Операторы" компаниясының ісі бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр. Қорғаушы тарап Украинаның Қазақстандағы консулын іске тартуды сұрады. Сотталушылар орындығында 4 адам отыр: экс-экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және "ӨКМ Операторы" экс-Бас директоры Светлана Коротенко. Адвокатының айтуынша, бұған дейін Коротенко Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге жүгініп, өзінің заңсыз ұсталғанын мәлімдеген.
Loading...