БҰҰ: Үндістан биыл халық саны бойынша Қытайды басып озады

БҰҰ: Үндістан биыл халық саны бойынша Қытайды басып озады

ашық дереккөзі

БҰҰ мәліметі бойынша, 2023 жылдың ортасына қарай Үндістан Қытайды басып озып, халқының саны бойынша әлемдегі ең үлкен елге айналады, деп хабарлайды Taulik.kz. Бұл Үндістанның жас халқы экономикалық өсудің драйверіне айнала ма, әлде керісінше ауыртпалық бола ма деген сұрақтарды тудырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінде жыл ортасына қарай Үндістанда Қытайдан 2,9 миллионға көп адам болатыны айтылған. Осы уақытқа дейін, БҰҰ болжамдары бойынша, Үндістан халқының саны 1,4286 миллиард адамды, ал материктік Қытайда - 1,4257 миллиард адамды құрайды. Демографтар деректердің жоқтығынан оның қай күні болатынын нақты есептеу мүмкін еместігін айтады. Үндістанда 2011 жылдан бері халық санағы жүргізілмеген. Үндістанда 15 пен 24 жас аралығындағы адамдардың ең көп саны 254 миллион болса, Қытай халықтың қартаюы мен халық өсіміндегі тоқырау үрдісін өзгертуге тырысып жатыр. Бұл демографиялық өзгерістер Үндістанға жаһандық экономикалық күшке айналуға мүмкіндік береді деген үмітті арттырды.

Loading...