Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
20 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Ескі Қазақстанда алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың уысында болды» – депутат

«Ескі Қазақстанда алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың уысында болды» – депутат

«Ескі Қазақстанда алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың уысында болды» – депутат
ашық дереккөзі
Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбеков өзінің депутаттық сауалында алкоголь нарығындағы заңсыздықтар мәселесін көтерді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Оның сөзінше, “ескі” Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қарауында болды, сондықтан бұл өнім түріне таңбалау талабы қойылмаған.
"Қазақстанда аяқ киімге және басқа да көптеген тауарларға таңбалау енгізілді. Бұл ретте үкімет көлеңкелі нарықтағы ең көп үлеске ие алкогольді таңбаламады. Себебі, ескі Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың уысында болғанын білесіздер. Бәлкім, қарапайым кәсіпкерлер қосымша ақы төлеп отырды, сондықтан оларға тиіспеді?", – деді депутат Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге жолдаған сауалында.
Бейсенбековтің пайымынша, цифрлық таңбалау көлеңкелі нарықты қысқартуға әсер етпейді. Оның үстіне оны енгізу тауар құнының орта есеппен 20 пайызға өсуіне әкелген.
"Кәсіпкерлер таңбалаудың нақты құны тауар бірлігіне 550-ден 3500 теңгеге дейін екенін айтады. Яғни, қымбат емес аяқ киім 20-30 пайызға қымбаттап, табысы аз тұтынушылардың жағдайын нашарлатады", - деді мәжілісмен.
Ол тауарларды міндетті түрде таңбалауды тоқтату керек деген пікірде. Айта кетейік, бұдан бұрын Болат Назарбаев "Алматы ауыр машина жасау зауытының" акцияларын мемлекетке қайтаратыны хабарланған.