logo
search
menu

Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар дініне қарай бөліне ме?

Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар дініне қарай бөліне ме?
21 сәуір, 2023
Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар дініне қарай бөліне ме?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астанадағы ұлттық пантеонға көрнекі тұлғаларды дініне қарай бөлек жерлеу керек пе? Осы сауал қалалық мәслихат депутаттарының назарын аударды, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Елордалық халық қалаулылары жауапты мекеме өкілдерінен елімізге еңбегі сіңген тұлғаларды ұлттық пантеонға жерлегенде, дініне байланысты аумақтарға бөлудің қаншалықты дұрыс екенін сұрады. Бұл сауалға Астана қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов жауап берді. Десе де ол алдымен мекеменің жерлеу рәсімін жасамайтындығын еске салды.
    "Біз тек қана тапсырыс берушіміз. Жерлеу рәсімімен айналыспаймыз. Алайда пантеонға Қазақстанның көрнекті қайраткерлері жерленетінін, қарапайым зират емес екенін айта кетейін. Сондықтан онда жерленетін тұлғаларды дініне байланысты бөліп-жаруға болмайды деп шешім қабылданды. Біздің еліміз – зайырлы мемлекет", - деді басқарма басшысы.
    Ал наурыздың соңында ұлттық пантеонға қатысты Үкімет қаулысының жобасы көпшіліктің ашық талқысына шығарылған болатын. Онда ұлттық пантеонға ел президенттерінің отбасы мүшелері жерленбейтіні жазылған. Бірақ жұбайларын жерлеуге рұқсат етіледі.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы