Петропавлдағы «Халық кеңесі» тобының мүшелері 2 айға қамауға алынды

Петропавлдағы «Халық кеңесі» тобының мүшелері 2 айға қамауға алынды

ашық дереккөзі

18 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша (қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Халық кеңесінің» үш мүшесін ұстады, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталған үш фигурантты 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды. Еске сала кетсек, бұған дейін «Қазақстаннан тәуелсіздік алдық» деп жариялағандарға қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Мәжіліс депутаты, белгілі заңгер Абзал Құспан аталған жағдайға «сепаратистік әрекет» деп баға берді.

Loading...