Осы жылдың қыркүйек айында Алматыда автотұрақ бағасын көтеру жоспарда. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Биыл автотұрақ орындарын анықтаймыз, аумаққа байланысты тұрақ ақысын көтереміз. Бұл жұмыстарды 1 шілдеге дейін істеп үлгермейміз, бірақ қыркүйектің басында дайын болуы керек», - деді Ерболат Досаев.Қазақпарат жазуынша, көлік тұрағы үшін төлем орналасқан ауданына байланысты әр түрлі болмақ.
«Мәселен, Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шыға берісте бір тариф болады делік, ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады. Автотұрақ, айыппұл мен өсімпұлдан түскен ақшаның бәрі пропорционалды түрде аудандардағы «Халық қатысатын бюджет» жобасына қосымша аударылады», - деп түсіндірді қала әкімі.