Мешіт мұнарасынан мысықты құтқарған астаналық елді сүйсіндірді

Мешіт мұнарасынан мысықты құтқарған астаналық елді сүйсіндірді

ашық дереккөзі

Астана қаласында мешіт қызметкері мұнараның үстіне шығып, кері түсе алмай тұрған мысықты құтқарды, деп хабарлайды Taulik.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Астаналық ер адамның қайырымды ісі туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды.

«Мұнараның шектеуіне шығып түсе алмай тұрған мысық құтқарылды. Оқырмандардың айтуынша, мысықты мешіт қызметкері алып түсті», - деп жазылған бейнеролик астында.
Сондай-ақ желідегі жарияланым астында оқырмандар ер адамның әрекетіне разы болып, жылы лебіздерін білдірген.
«Алла разы болсын!», «Осындай қайырымды адамдарды сыйлаймын», «Құтқарушыға мың алғыс, жарайсың!», «Барлық адам осындай қайырымды болса», «Негативтерді жариялай бермей осы секілді қайырымды істер туралы жиі жазу керек», «Жарайсың», «Жануарларға мейіріммен қарап, көмектесу керек», «Алла жарылқасын, рақмет саған құтқарушы жан», «Міне азамат» деп желі қолданушылары пікірлер қалдырған.

Loading...