Алтынбек Сәрсенбайұлын (марқұм) көкке көтерудің керегі жоқ. Бұл туралы журналист, публицист, аудармашы Бигелді Ғабдуллин айтты, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Eurasian Book Fair-2023 кітап көрмесі аясында Бигелді Ғабдуллин оқырмандармен кездесті. Кездесу барысында оқырман журналистке қазіргі таңда моноқалаларда қазақ кітап дүкендерін табу қиын екенін, бұл 1990 жылы экс-министр Алтынбек Сәрсенбайұлының істеген жұмысының салдары екенін айтып, оған сұрақ қойды.
1999 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлы «Қазақ кітап» мекемесін жекешелендіріп құртты. Бүгінде Қазақстанда 1560 кітап дүкені қалған. Қазір 160 аудан орталығында бірде-бір кітап дүкенін таппайсыз. Мысалы, Екібастұз, Хромтау сияқты моноқалаларда бірде-бір кітап дүкені жоқ. Бірақ ондағы ауылдарда адамдар тұрады. Алтынбек Сәрсенбайұлы істеген ісініне қандай баға бересіз?, - деді ол.
Бигелді Ғабдуллин сұраққа ашық жауап беруге тырысты.
Алтынбек Сәрсенбайұлының жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын... Жуырда мен Сергей Терещенко (Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі) туралы шындықты жаздым. Ол еліміздің (байлығын) талан-таражға салды, түкке тұрғысыз премьер-министр болды. Ол кредитке берілген 3 млрд долларды таратып жіберді. Бірақ оған біз Қазақстанның Еңбек Ері атағын бердік. Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы туралы да осылай айта аламын. Ол министр болған кезде тәуелсіз БАҚ-ты қатты тұншықтырды. 1993 жылы «Свободное поколоние» газетін аштым. Сол кезде елімізде тура мағынасында сөз бостандығының орнағанына 3-4 жыл болған еді. Мен осы уақыттың куәсі болдым. Ол кезде өзің қалаған дүниені жазуға болатын әрі ешқандай мәселе туындамайтын. 1997 жылы Алтынбек Сәрсенбаев тендер ұйымдастырып, сол арқылы біздің үздік телеарналарды, баспаларды және тағы басқасын алды. Сондықтан мен оны тәуелсіз БАҚ-ты құртқан адам ретінде есептеймін», - деді Бигелді Ғабдуллин.
Сондай-ақ журналист саясаткердің оппозиция жағына өткенде таңғалғанын жеткізді.
«Мені тәуелсіз БАҚ-ты тұншықтарған, облыс әкімдерін тағайындаған адамның оппоцозицияға өткені таңғалдырды. Алтынбек Сәрсенбайұлының біздің жағымызға, демократия, әділдік жағына өткені туралы «Чем будет объяснять Алтынбек Сарсенбаев?» деп мақала жаздым. Ол мақала әлі интернетте бар...», - деді публицист.
Бигелді Ғабдуллиннің пікірінше, саясаткерді көкке көтерудің керегі жоқ.
Менің айтайын дегенім Алтынбекті әспеттеп, төбемізге көтерудің керегі жоқ. Керек емес. Ол қазақша да, орысша да жаза алмайтын. Оның орнына басқа адамдар жазатын. Вадим Борейко деген жазушы (журналист) бар. Ол «(Алтынбек Сәрсенбайұлы – автор) «Горизонт» (газетіне) мақала жазатын. Оны мен, содан кейін директор, соңында бас редактор (мақаланы) түзейді» деп айтқан. Сондықтан Алтынбек Сәрсенбайұлы қазақ және орыс тілдерінің ортасында қалған адам болған. Менің көзқарасым осындай. Тарих бәрін түзейді, - деп сөзін түйіндеді журналист.