logo
search
menu

Журналист қайтыс болған Риддер әкімінің туыстарынан кешірім сұрады

Журналист қайтыс болған Риддер әкімінің туыстарынан кешірім сұрады
21 сәуір, 2023
Журналист қайтыс болған Риддер әкімінің туыстарынан кешірім сұрады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Журналист Асхат Ниязов 39 жасында қайтыс болған Риддер әкімінің жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды taulik.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Белгілі болғандай, Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол ауруханада жүрегі тоқтап қалған. «Обожаю» арнасының авторы Асхат Ниязов бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде хабарлай келе, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.
    «Бүгін Риддер қаласының әкімі қайтыс болды. Егер менің шығарылымым болмағанда, ол осыншама хейттің астында қалмас еді. Иә, мен жауапкершіліктен қайтпаймын. Өзінен және отбасы мүшелерінен кешірім сұраймын. Ол ештеңеге қарамастан, батылдықпен түсірілімге келісті. Маған көптеген адамдар оның жақсы адам болғанын жазып жатыр. Иманды болсын!», – деп жазды журналист парақшасында.
    Айта кетейік, аталған арнаға әкім сұхбат бергеннен соң, әлеуметтік желілер мен медиада әкімді мазақтаған сыңайда пікірлер кең тараған болатын. Осы түсірілімнен кейін көп ұзамай бірнеше айдан соң Риддер қаласының әкімі қайтыс болды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы