Бизнес-класпен кімдер ұша алады?

Бизнес-класпен кімдер ұша алады?

ашық дереккөзі

Үкіметтің қаулысымен бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар бойынша шығыстарды өтеу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ретте мемлекеттік органдардың басшыларына төменгі реттелген жұмсақ дивандары бар қос купелі вагондардың тарифі бойынша жүруге рұқсат етілді. Ал әуе тасымалына қатысты барлық шенеуніктердің бюджет есебінен жүруіне бірдей жағдай жасалмаған. Мәселен, мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, конституциялық соттың судьялары мен орталық мемлекеттік орган аппаратының басшысы эконом-класс билетін ала алады. Бұл ретте бизнес-класпен сапарлауға Сенат төрағасына, оның орынбасарларына; Мәжіліс төрағасы және оның орынбасарларына; Жоғарғы Сот Төрағасына, Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына және жай ғана орынбасарларына, Мемлекеттік кеңесшіге, Президент Әкімшілігінің Басшысына, оның бірінші орынбасарына және басқа да орынбасарларына, Тұңғыш Президент Кеңсесінің Басшысына, оның орынбасарларына, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына, Президент Кеңсесінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің көмекшілері мен оларға теңестірілген жандарға рұқсат етіледі. Үкімет қаулысы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Loading...