logo
search
menu

Жұмысшыларын толқуға шығарған жаңаөзендік компания басшылары сотталуы мүмкін

Жұмысшыларын толқуға шығарған жаңаөзендік компания басшылары сотталуы мүмкін
22 сәуір, 2023
Жұмысшыларын толқуға шығарған жаңаөзендік компания басшылары сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жұмысшыларын толқуға шығарған Жаңаөзендік "БерАли Маңғыстау" компаниясының басшылары сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Taulik.kz. Ulysmedia.kz жазуынша, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі «БерАли Маңғыстау» компаниясы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу бастаған. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша (бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру, яғни ұрлау) бойынша жүріп жатыр. Жалған қызмет актілерін жасату арқылы біршама қаражат қолды болған. Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 200 миллион теңгені құрайды. Қаржы мониторингі агенттігі ресми ақпарат берген жоқ. Істің анық-қанығы анықталып жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы