«2028 жылға дейін нарықтағы жағдай әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды тоқтата тұрудың арқасында айтарлықтай күрделі емес. Алайда 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды қайта бастау жоспарлануда. Бұл егде жастағы әйелдердің жұмысқа қабілеттілік мерзімін ұзартуға әкеледі. Жас жұмыс күшінің өсуімен бірге бұл еңбек нарығындағы жағдайды күрт нашарлатады», – делінген құжатта.