logo
search
menu
Әйелдер арасындағы хоккейден Қазақстан осымен төртінші рет жеңілді
ашық дереккөзі

Әйелдер арасындағы хоккейден Қазақстан осымен төртінші рет жеңілді

Әйелдер арасындағы хоккейден Қазақстан осымен төртінші рет жеңілді Хоккейден әйелдер арасында Сувонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионаты I дивизионының В тобындағы 4-тур матчында Қазақстан құрамасы Польша құрамасымен кездесті, деп хабарлайды taulik.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Кездесу 2:3 есебімен Польша құрамасының пайдасына аяқталды. Еске салайық, бұған дейін біздің команда Ұлыбритания (0:1), Словения (1:2) және Италия (0:3) құрамаларынан жеңілген болатын. Қазақстандық хоккейшілер әлем біріншілігіндегі келесі ойынын 23 сәуір күні Астана уақытымен сағат 12:45-те Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді. Қазақстан– Польша 2:3 (1:1, 0:0, 1:2) 1:0 – Молдабай (Филимонова, Оразбаева) – 06:30 1:1 – Чрапек (Позневска, Чарнецка) – 12:40 1:2 – Чрапек (Онищенко, Позневска) – 40:32 2:2 – Голотвина (Козгулова) – 54:41 2:3 – Позневска (Дзивок) – 59:22 Қақпашылар: Щеколова - Сасс