logo
search
menu

Жаңаөзенде жұмысшылардан жаппай сұрау басталды

Жаңаөзенде жұмысшылардан жаппай сұрау басталды
23 сәуір, 2023
Жаңаөзенде жұмысшылардан жаппай сұрау басталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жаңаөзенде мұнай және сервистік кәсіпорындардың жұмысшыларынан жаппай сұрау басталды, деп хабарлайды taulik.kz. Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, Сауалнамамен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының 33 өкілі айналысуда. Олар кен орындарын, өндірістік цехтар мен зертханаларды аралайды.
    Құрылымдық бөлімшелерде ерікті сауалнама жүргізіледі. Кейбір сарапшылар мұнай кәсіпшіліктеріндегі жұмыс топтарымен кездесулерге барады, онда олар ең өзекті мәселелерді анықтайды. Бұл шараның мақсаты – жұмыстағы кемшіліктерді анықтау және оларды жою. Комиссия мамыр айының соңына дейін Жаңаөзен қаласында болады. Еске салайық, 10 сәуірде Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанына «Берәлі Маңғыстау компаниясы» мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін мердігер компанияның 70-ке жуық бұрынғы жұмысшысы жиналды. Бұған дейін «Берәлі Маңғыстау» серіктестігі тендерде жеңіліп, жұмысшылардың барлығы жұмыссыз қалған болатын. Сәуірдің 11-і күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстады. Алғашында жұмысшыларды қоршауға алды, содан кейін барлық жүктерін жинап алып, автозактарға тиеді. Жалпы полицейлер Астанада жаңаөзендік 126 жұмысшыны ұстады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы