Алматыда әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеген күдікті ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды taulik.kz. Dalanews.kz сайтының хабарлауынша, қолға түскен ер адам кінәсін мойындамаған. Бірақ жедел уәкілдердің қолында барлық қажетті айғақтар бар. Айта кетейік, 12 сәуір күні сағат 08:40-та 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің басы кесілген денесінің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұдан кейін өлтірген әйелдің басы базардағы шұжық дүкенінен табылған болатын.
Күдікті өткен аптаның басында ұсталған. Оны бейнебақылау камераларының арқасында есептеу мүмкін болды.
Мен әлі есімді жия алар емеспін. Жаңалықтарды оқығанда, интернеттен немесе теледидардан мұндай жағдайларды көргенде бір нәрсе. Ал осы оқиға куі болуыңыз – өте ауыр. Адамдардың қаншалықты қатыгезденгенін сезінудің өзі қорқынышты, – дейді әйел.