«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Қытай Халық Республикасымен жасалған визасыз режімді алып тастауыңызды сұраймыз. Себебі, олардың халқының саны бізден жүз есе көп, Қытай Халық Республикасының жұмыссыз азаматы бізге келетін, біз сол елдің отарына айналамыз. Визасыз режім біздің тәуелсіздігімізге ауыр қатер төндіреді. Сондықтан визасыз режімге Зайсан ауданының бір топ белсенділері, қарсымыз!» - деді бір топ қоғам белсендісі.Айта кетейік, бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы» құжат талқылану барысында.