logo
search
menu

Енді бакалавриатты шетелде тегін оқуға болады

Енді бакалавриатты шетелде тегін оқуға болады
24 сәуір, 2023
Енді бакалавриатты шетелде тегін оқуға болады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Саясат Нұрбек алдағы оқу жылынан бастап "Болашақ" бағдарламасына енгізілетін үш өзгерісті атады, деп хабарлайды taulik.kz Informburo.kz telegram арнасына сілтеме жасап. Бірінші, Қазақстан "Болашақ" бағдарламасымен қайтадан бакалавр мамандарды дайындайды. Еске салайық, "Болашақ" бағдарламасынан бұл функция 12 жыл бұрын алынып тастап, қазір тек магистрлер дайындалады. Екінші, "Болашақ" бағдарламасы жұмыс берушілермен тікелей ұштастырылады. Жұмыс беруші компания қажет кадрларды дайындауға тапсырыс береді, сәйкесінше кейін оларға жауапкершілік те жұмыс берушіге жүктеледі. Үшінші, алдағы уақыт жылынан бастап жалпы грант санының 60 пайызы техникалық мамандықтарға беріледі. Сонымен қатар министр енді грант саны шектеліп, сапаға мән берілетінін атап өтті.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы