Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

ашық дереккөзі

Танымал ақын Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды. Желіде ақынның шәкірттері оның суреттерін салып, жазба жариялады, деп хабарлайды taulik.kz.

Ақын Қазырет Бердіхан Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарғаны туралы жазды.

«Өзбекстаннан Талғат Орынбек деген тамаша талант, айтыскер бауырымыз Жүрсін Ерман көкемізге амандаса келіпті. Көкеміздің денсаулығы жақсарып, далаға шығып, таза ауа жұтып жүрміз», – деп жазды ол.

Белгілі болғандай, айт қарсаңында бүкіл ақын Жүрсін Ерманның шаңырағында жиналған. Кадрлардан Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев секілді танымал өнер иелерінен бастап, Мұхтар Ниязов, Аманжол Әлтаев секілді айтыскерлер де көрінеді. Ал ортада Жүрсін Ерман отыр.

«Айт күні айтысқа қатысы барлардың біразы Жүрсін көкеміздің шаңырағында бас қосты! Мұхтар Ниязов айтпақшы, айттан айтқа, айтыстан айтысқа аман жете берейік!» – деп жазды ақын.

Loading...