logo
search
menu

Шавкат Рахмонов UFC-дегі көшбасшылығынан айырылды

Шавкат Рахмонов UFC-дегі көшбасшылығынан айырылды
24 сәуір, 2023
Шавкат Рахмонов UFC-дегі көшбасшылығынан айырылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) мерзімінен бұрын қол жеткізген жеңіс саны бойынша қазіргі UFC файтерлері арасында енді көш бастап тұрған жоқ, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұған дейін Рахмонов бірінші орында тұрды – ол қатарынан бес рет жеңіске жеткен, бірақ қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды. Ол қатарынан алты мәрте айқасқа шығып, алтыншы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, бұл ретте ол барлық жеңістеріне бірінші раундта-ақ қол жеткізген. Шавкат Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген. Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы ең перспективалы спортшылардың бірі саналады. Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әпкесі Сора Рахмонованың NAIZA 51 турнирінде өнер көрсетіп, онда ресейлік чемпион Валерия Карыгинамен жұдырықтасатыны хабарланған болатын.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы