logo
search
menu
Алдағы үш күнде 33 градусқа дейін ыстық болады
ашық дереккөзі

Алдағы үш күнде 33 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы үш күнде 33 градусқа дейін ыстық болады Қазгидромет синоптиктері 25-27 сәуір аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды taulik.kz. Алдағы күндері, атмосфералық фронттардың әсерінен батыста, оңтүстікте, еліміздің солтүстік аймақтарында күн жаңбырлы болады. Оңтүстік-шығыста, 25-26 сәуірде шығыста түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, 25-26 сәуірде оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады. Еліміздің қалған бөлігінде Батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдайды. Шаңды дауыл соғады, шығыста түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жауады. Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30 жылыға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында 20-27 жылыға дейін, шығыста 15-23 жылыға дейін, оңтүстікте 25-33 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 17-25 жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.