Өскемен қаласының әкімі 10 жастағы баланың өтінішін орындады

Өскемен қаласының әкімі 10 жастағы баланың өтінішін орындады

ашық дереккөзі

Жақында Өскемендегі аулалардың бірі жаңартылды. Бұл бастамаға мұрындық болып, шенеуніктерге қозғау салған Досжан Дулатұлы есімді балақай, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 жастағы тұрғын өтінішін "арқалап", қала басшысы Жақсылық Омарға бейнеүндеу жолдаған. Ол ауласы тозып, шырайы кеткенін айтқан. Ал жауапты тұлға осы мекенжайға барып, жағдаймен танысқан. Әкім Досжанға ауласы үшін бас қатырып, мәселені қаз-қалпы жеткізгеніне алғысын білдірген.

"Әкім ойын алаңын абаттандырып, "Менің аулам" облыстық бағдарламасы аясында үнемделген қаржыға тиісті жұмыс атқарылатынын жеткізді. Мәселені осылай шешуден бөлек, әкімдік бюджеттен тыс қаражат тарту жағын қарастырды. Нәтижесінде демеушілер қаржысы есебінен жаңадан ойын алаңы орнатылды", - делінген қала әкімдігі мәліметінде.
Жақсылық Омар жұмыс біткен соң аулаға арнайы барған. Балалармен, олардың ата-аналарымен әңгіме барысында барлық тұрғынды көпқабатты үй маңын күтіп ұстауға шақырды.  

Loading...