Заңгер еліміздегі телефон жөндейтін «сақалдыларды» тексеруді талап етті

Заңгер еліміздегі телефон жөндейтін «сақалдыларды» тексеруді талап етті

ашық дереккөзі

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек телефон жөндейтін "сақалдылардың" қаптап кеткенін айтып, дабыл қақты. Заңгердің айтуынша, қазіргі таңда "сақалдылар" халыққа қоқан-лоққы көрсететін болған, деп хабарлайды taulik.kz Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздегі барлық қалаларда телефон жөндеу орындарының көп бөлігінде "сақалдылар" қаптап кеткенін халық та растады. 2018 жылы Шымкент қаласында телефон жөндейтін дүңгіршектерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жігіттері жанын шығарып тұрып тазалап еді. Маған сол кезде шағым көптеп түсетін, тіпті “қысқа балақтылар” сол жерден университетке өтетін қыздардың киімдеріне дейін әңгіме ғып, доқ көрсетіп құтырып кеткен еді! Байтұрсынов көшесіндегі сол төңіректі “еншілеп” еркінси бастағанда Шымкентке ҰҚК-і басшысы болып Тасыбеков деген кісі жаңадан келіп, бір күнде аяқ-қолдарын бүктеп, тазартып тастаған еді. Бірақ қазір бұлар қайта көбейе бастады. Қаңтар бізге әлі сабақ болмады ма? Неге бұларды қолдан құтыртып отырмыз? Өз елімізде емін-еркін, қауіпсіз жүре алмаймыз ба сонда?! Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстандағы бүкіл телефон жөндейтін “сақалдыларды” жіті тексеріп шығамыз. Мына баяндап отырған әйел адам. Дауысын өміріне қауіп төнбесін деп өзгерттім!, - деп жазды заңгер халықтың жанайқайын.
 
"Барлық қалаларда телефон жөндейтіндер сақалдылар ғой", "Айгүл, жанайқайыңыз өте орынды. Қазірден алдын алу керек. Бірдеңе істемесек болмайды, бұлар балалап кеткен", "Олар сонша қорқытып «кет!» дейтін кімдер? Негізі Атырауда өте көп, рас шымкенттіктер де базарларда өте көп, мұндайды неге үкімет қарамай отыр, шынымен ойланатын жағдай екен!", - деп жазды.
   

Loading...