logo
search
menu

Алматыда 26 мың жарамсыз жер учаскелері сатылған

Алматыда 26 мың жарамсыз жер учаскелері сатылған
24 сәуір, 2023
Алматыда 26 мың жарамсыз жер учаскелері сатылған
ашық дереккөзі

Мазмұны

    26 мың алматылық жарамсыз аймақтан жер алып, үй салған, деп хабарлайды Taulik.kz. Kaztag.kz жазуынша, 26 мың алматылықтардың үйі тасқын, көшкін және сел қаупі бар аймақтарға салынған.
    «Төтенше жағдай қызметінің деректері бойынша тасқын, көшкін және сел қаупі бар аймақтарға  жуық тұрғын үй салынған. Ол аймақта 26 мың адам тұрады. Мысалы, Набережная көшесінде тік беткейдің астындағы сары топыраққа 12 тұрғын үй салынған»,- делінген хабарламада.
    Соңғы екі жылда ландшафттарды өзгерту бойынша 26 іс анықталды.
    «Мысалы, Наурызбай ауданының тау бөктеріндегі жер учаскесінің иесі рұқсат құжатсыз тауды қопарып тастаған. Мамандардың қорытындысы бойынша, кесілген топырақтың көлемі 100 мың текше метрді құрады. Ол жерлерді 50 учаскеге бөліп, сатуға шығармақ болған»,- делінген хабарламада.
    Одан бұрын хабарланғандай, бастап туризмдік аймаққа арналған 300 гектарға жуық жерге тұрғын үйлер салынған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы